2019 жылдың 26 қыркүйегінде біздің колледжімізде Дене тәрбиесі оқытушыларының Облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Колледж директоры Рымбаева Венера Сайлауқызы құттықтау сөз сөйлеп,  колледждің негізгі бағыттарын атап және де  Облыстық әдістемелік отырысына қатысқандарға алғысын білдірді. Ары қарай Облыстық әдістемелік бірлестігі әдіскері Альханова Анар Толеуханқызы сөз сөйлеп , Фемида колледжінің басшылығына көмек көрсеткені үшін және дене шынықтыру мұғалімдері үшін ОӘБ отырысын ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ералиева Р.Ж., жеңіл атлетикадан ашық сабақ өткізді. Отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Categories: Жаңалықтар

Leave a Reply